Жаңалықтар
Ақорда
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті
2024 жылғы
https://x.com/aqorda_press/status/1851963368191529256
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады.
https://x.com/aqorda_press/status/1851963368191529256
Кездесуде әлемдегі жетекші фармацевтикалық компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысына компанияның сапаны бақылау зертханасы мен ғылыми-зерттеу сынақ орталығының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ таяу арада жаңа дәрілік препараттар өндірісін іске қосу жоспары таныстырылды.
https://x.com/aqorda_press/status/1851963368191529256
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның фармацевтика индустриясындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және оқу бағдарламаларын енгізу маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге қажетті дәрі-дәрмектерді жедел жеткізіп бергені үшін польшалық инвесторға алғыс айтты.
Кездесу соңында Ежи Старак Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі кітап сыйға тартты. Оның біріншісі Polpharma компаниясының демеушілігімен түсіріліп жатқан деректі фильмге арналған. Бұл фильмде Бекет ата, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелері, Таңбалы петроглифтері мен Ботай қонысы секілді Қазақстанның киелі жерлері таспаланған.
https://x.com/aqorda_press/status/1851963368191529256
Екінші кітап – қазақтың белгілі жазушысы, Польшаны басқыншылардан азат етуге қатысқан майдангер Кемел Тоқаев туралы ғұмырбаяндық жинақ. Бұл басылым Польша-Қазақстан тарихы комиссиясының қолдауымен әзірленді.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-polpharma-kompaniyasy-bakylaushylar-kenesinin-toragasy-ezhi-starakpen-kezdesti-3192235
https://x.com/aqorda_press/status/1851963368191529256
Birleşik Rusya aktivistleri, Hantı-Mansi Özerk Okrugu’ndaki SVO katılımcılarının aileleri için etkinlikler düzenledi
Diaspor əməkdaşlığında mühüm mərhələ: yeni memorandum imzalanıb
При поддержке «Единой России» в Десногорске Смоленской области состоялся фестиваль спорта
По партпроекту «Единой России» «Выбор сильных» в Чите состоялся краевой турнир по греко-римской борьбе
Message from Asaf Atasoy, Chairman of the Board of Directors of Asfa Holding, for the 2026-2027 Academic Year
CEVDET YILDIRIM `DAN 2026-2027 EĞİTİM ÖĞRETİM YILI MESAJI